АҚШ-та алты айдан асқан сәбилерге вакцина салынуы мүмкін

Вакцинаның дозасы үш микрограмм мөлшерінде болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни ересектерге 30 микрограмм салынса, бұл біршама төмен. Дәрігерлердің айтуынша, 2 мен 5 жас аралығындағы балақайларға үшінші доза салынуы да әбден мүмкін, себебі клиникалық зерттеулерде екі дозаның әсері айтарлықтай болмаған. Ал 5 пен 11 жас аралығындағы балалардың вакцина салдыру көрсеткіші онша көп те емес екен.

Меган Рени, дәрігер:

– Кішкентай бүлдіршіндерге бетперде киіп жүру қиындау. Сол себепті вирус жұқтыру қаупі көп. Ал вакцина салдыру арқылы ата-аналар баласын ғана емес өзгелерді де аурудан қорғай алады. Бүлдіршіндерге екпе салу халықтың қалыпты өмірге бір қадам жақындауы деген сөз.

Сондай-ақ...