Лондон әуежайында ұшақ апатқа ұшырай жаздады

Ұлыбритнаияда «Бритиш Эйруейз» компаниясының ұшағы әуежайға қонар кезде қауіпті жағдайда болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға Лондондағы Хитроу әуежайында болды. Әуе көлігі қонуға бет алып енді алаңға жақындай бергенде қатты желден шайқалып, сол жағына қисайып, құйрығы жерге тиіп кете жаздады. Ұшақ көкке қайта көтеріліп, алаңға екінші рет айналып келіп, әзер қонды. Абырой болғанда ешкім жапа шекпеген. Ал ақпарға қарағанда, осы кезде қалада сағатына 140 шақырым жылдамдықпен жел соғып тұрған.