Зеленский әскер санын көбейту туралы құжатқа қол қойды

Украина әскер санын 100 мың сарбазға көбейтеді. Бұл жоспар алдағы 3 жылда іске асады.

Тиісті құжатқа мемлекет басшысы Владимир Зеленский Рада мінберінде депутаттар алдында тұрып, қол қойды. Ол аталған шешімнің Ресейдің басқыншылық қаупімен еш байланысты емес екенін жеткізді. Сондай-ақ елде 2024 жылдан бастап мерзімді әскери қызмет күшін жояды. Бұған дейін Зеленский Ұлыбритания премьер-министрімен кездесіп, Борис Джонсон Украинаға 88 миллион фунт қаржылай көмек беретінін мәлімдеді.

Владимир Зеленский, Украина президенті:

– Жаңа жарлық барлық әскерилердің ақшалай жабдықталуын кемінде 3 еңбекақы деңгейіне дейін көтеруді, Украинаны кәсіби әскер түріне көшіруді, келісім-шарт мерзімін ұзартуды, баспанамен қамтамасыз ету тұжырымдамасын, офицерлердің қызметте өсу жүйесін әзірлеуді, сондай-ақ алдағы 3 жылда Украина қарулы күштерінің санын 100 мыңға арттыруды және қосымша 20 бригада құруды қамтиды.

БҰҰ-да Ресей мен АҚШ дипломаттары шекісіп қалды

Зеленский Украина, Ұлыбритания мен Польша арасында одақ құрылатынын хабарлады. Әзірге ол ынтымақтастық туралы толық ақпарат берген жоқ. Кейінгі кездері Украина мен бірқатар батыс елдері Ресей Донбасқа басып кіруге дайындық жасап жатыр деп айыпталып жатыр. Бұл мәселе Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесінде де қызу талқыланды. Ресейлік дипломаттар аталған айыптауларды жоққа шығарып әлек.