АҚШ-та боран салдарынан әуе рейстері кешікті

АҚШ-тың бірнеше штатында ақтүтек боран. Жүздеген әуе рейсі кейінге қалды. Мектептер жабылды.

Оклахома, Канзас, Миссури, Иллинойс, Индиана мен Мичиганда қар аралас жауын жауып, жолдар айнадай мұз. Сол себепті көліктер қозғала алмай жол бойында тұр. Кейбір бағыттағы жолдар жабылған. Өрт сөндірушілер мен әскерилер қар құрсауында қалғандарды құтқару жұмыстарына тартылды. Коммуналдық қызмет те үздіктіз жұмыс істеп жатыр.