Калифорния: дүкенде болған атыстан бес адам жарақаттанды

АҚШ-тың Оровилл қаласында (Калифорния штаты) атыс болды. Сәрсенбі күні кешке дүкендердің бірінде болған атыстан кемі бес адам жарақат алған. Бұл туралы қала мэрі Чак Рейнольдс хабарлады.

«AmPm-де «дүкендер желісі» <...> атыс болды. Бес адам зардап шекті», – деп жазды Рейнольдс Facebook-те.

Мэрдің сөзіне қарағанда, қаскөй Walmart дүкендер желісіне кіріп, ол жерде де атыс ұйымдастырған, бірақ жарақат алғандардың саны белгісіз.

Көп ұзамай ер адам ұсталды. «Күдікті қамауда отыр», – деді ол.