Гаитиде елдің басым бөлігін су басты   

Гаитиде толассыз жауған нөсерден елдің басым бөлігі су астында қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шелектеп жауған жаңбырдан, әсіресе оңтүстік және солтүстік өңірлер қатты зардап шеккен. Салдарынан 4 адам опат болып, біреуі із-түзсіз жоғалып кетті. 2500-дей үйге зақым келді. Жергілікті биліктің мәліметіне сәйкес, қазір тұрғындарды эвакуациялау жүріп жатыр. Осы уақытқа дейін құтқару жасағының қызметкерлері шамамен 500 азаматты уақытша баспанаға орналастырыпты. Гаитидің азаматтық қорғаныс агенттігінің хабарлауынша, тұрғындар ауызсу мен тамаққа мұқтаж.