Covid-19: Малайзияда 5 жастан асқан балаларға вакцина салынып жатыр

Covid-19: Малайзияда 5 жастан асқан балаларға вакцина салынып жатыр

Малайзияда 5 жастан асқан балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салынып жатыр.

Қазірдің өзінде жарты миллионнан астам жеткіншек тіркелген. Соңғы жарты жылда бұл елде 150 мыңдай бала ковид жұқтырған екен. Өкінішке қарай, олардың 26-сы көз жұмды. Негізінен Малайзияда вакциналау қарқынды. Препараттың 2 дозасын ересектердің шамамен 98 проценті салдырған. Сондықтан осы көрсеткіш бойынша Малайзия аймақта алдыңғы қатарда тұр.

Лу Се Лин, вакцина салдырған баланың анасы:

– Көптеген ата-аналар балаларына вакцина салдыруға қорқады. Оларға екпенің жақсы жақтарын білген маңызды деп ойлаймын. Иә, теріс салдары болуы мүмкін деген қауіп те бар. Бірақ пайдасы көбірек деп білемін.