Эквадордағы су тасқынынан 27 адам мерт болды

Эквадор астанасы Кито қаласында дүйсенбі күні толассыз жауған жаңбырдан су тасқыны болып, 27 адам қаза тапты. Бұл туралы жұма күні қала әкімшілігі мәлім етті.

Бұған дейін елдегі су тасқынынан 22 адамның көз жұмғанын хабарлаған едік.
«27 адам қаза тауып, 55-і жарақат алды, екеуі із-түзсіз жоғалғандар қатарында», - делінген әкімшіліктің Twitter-дегі хабарламасында .

Дүйсенбі күні Эквадор астанасында толассыз жаңбыр жауып, салдарынан маңызды жолдар жабылып қалды. Су тасқынынан бірнеше ғимаратқа залал келіп, элект қуаты сөнді. Құтқарушылар зардап шеккен аудандарда жұмыс істеп жатыр.