Мароккода төрт күннен бері бес жасар бала құдықта отыр

Марокконың солтүстігіндегі ауылда тереңдігі 32 метрге жуықтайтын құдыққа түсіп кеткен 5 жастағы баланы құтқарушылар 4 күннен бері шығара алмай жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шұңқырдың ауызының диаметрі – 45 сантиметр. Сондықтан оған ересектеу адамдар сыймайды. Бұдан басқа бұл аймақтың топырағы сусымалы. Оның үстіне, бала құлаған аумақта үлкен жырық пайда болған. Алдын ала ақпарат бойынша баланың басы жараланған. Оған ауыз су, тамақ және оттегі баллоны жіберілген. Операцияға жауаптылар баланың қашан құтқарылатынын тап басып айта алмай отыр.