Ыстамбұл тұрғыны 14 ай бойы карантинде отыр

Ыстамбұл тұрғыны кейінгі 14 айда, 78 рет ПТР-тест тапсырып, барлығының нәтижесі оң болып шыққан. Ол 2020 жылдың қарашасында коронавирус жұқтырған. Содан бері Музафар Каясан карантинде қамалып отыр. Бұл туралы Түркияның «А Хабер» телеарнасы хабарлады.

56 жастағы ер адам 1 жыл 2 ай бойы балалары мен немерелерін көре алмай, жалғыз тұруға мәжбүр. Ол ковидпен ауырмай тұрып бас миына операция жасатыпты. Дәрігерлер Каясанның иммунды жүйесі тым әлсіз дейді.-