Мексикада көшеден 16 адамның мәйіті табылды

Мексиканың Фреснило қаласында 16 адамның жансыз денесі табылды.

Қылмыскерлер 10 мәйітті кенепке орап, көшеге тастай салған. Қалған алтауын қойма ішінде дарға асқан. Тергеу амалдарын бастаған полиция аталған аумақты қоршауға алып, жүріс-тұрысты тоқтатты. Күдікті 2 адам қамауға алынды. Қалада бұған дейін де көпірлер мен көпшілік орындарда адамдарды дарға асып кеткен бірнеше жағдай тіркелген еді. Билік соңғы кездері есірткі топтарының арасындағы қақтығыстың күшейіп тұрғанын алға тартады. Былтыр Фреснило қаласы орналасқан Закатекас аймағында 1050 оқиға тіркелген.