Канадада міндетті вакциналауға қарсы шеру жалғасып жатыр

Канадада міндетті вакциналауға қарсы қаңтардың аяғында басталған наразылық әлі жалғасуда. Шерушілердің дені жүк тасымалдайтын көлік жүргізушілері.

Олардың көшеге шығуына үкіметтің жаңа үкімі себеп. Онда АҚШ шекарасынан өтер кезде вакциналау куәлігін көрсету міндеттелген. Осы талаптан кейін Канаданың түкпір-түкпіріндегі көлік тізгіншілері ел астанасы Оттаваға жиналды. Ереуілшілер "бостандық", "еркіндік" деп жазылған қағаздар ұстап алған. Негізі бұл шеру Оттавадан 4 мың 400 шақырым жердегі Ванкувер қаласында басталған болатын.

- Алыс жолға қатынайтын жүк көлігі жүргізушілерін қолдаймын, себебі олар еркіндік үшін күресіп жатыр. Біздің құқықтарымыз бен бостандығымызға қол сұғылды. Жұмысымыздан айырылдық.