Данияда Жарық фестивалі ашылды

Дания астанасы Копенгагенде Жарық фестивалі ашылды.

Ашық аспан астындағы көрме барысында 50 инсталляция орнатылды. Осылайша бұл Еуропадағы ең ірі Жарық фестивалі деген мәртебеге ие болды. Ұйымдастырушылар биылғы іс-шараға туристер көп келеді деген сенімде. Өткен жылы 3 аптаға созылған Жарық фестиваліне 500 мыңнан астам саяхатшы барған екен. Көрме 27 ақпанда жабылады.

Питер Гард, көрермен:

- Түрлі дизайнда жарықпен көмкерілген мына көрініс жүректі шымырлатып, алуан ойларға жетелейді. Ақылыңды нұрландыратын сияқты. Іштегі үміт отын үрлейтін тәрізді. Соңғы 2 жылда жиі карантинге қамалдық ғой.