Ресей ғарышқа әскери спутник ұшырды

2022 жылдың 5 ақпанында РФ Архангельск облысындағы Плесецк ғарыш айлағында ғарыш құрылғысы бар «Союз-2.1а» зымыран-тасығышы ұшырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Роскосмос баспасөз қызметінің мәліметінше, Әуе-ғарыш күшінің зымыраны сәтті ұшырылып, ғарыш аппараты орбитаға штаттық режимде шығарылды. Қазіргі таңда ол жерден басқарылып отыр. Ғарыш аппаратына «Космос-2553» реттік нөмірі берілді. «Космос-2553» технологиялық ғарыш аппараты радиация мен ауыр бөлшектердің ықпал ету жағдайында қажетті борттық құрал-саймандармен және жүйемен жабдықталған, делінген хабарламада. Бұған дейін хабарлағанымыздай, 2022 жылдың 15 ақпанында Байқоңырдан осы жылдың алғашқы зымыраны ұшырылмақ.

Сондай-ақ...