Канада астанасында төтенше жағдай енгізілді

Оттавада төтенше жағдай енгізілді. Оған жүк көлігі жүргізушілерінің ереуілі себеп.

Оттава мэрі наразылық акцияларына қатысты ахуал бақылаудан шығып кеткенін хабарлайды. Себебі қазір көшедегі ереуіл қатысушыларының саны қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тартылған полицейлерден асып кеткен.

Айта кеткен жөн, Канада астанасында жүк көлігі жүргізушілерінің ереуілі қаңтардың соңынан бері басылмай тұр. Наразы жұрт коронавирусқа қатысты жаңа шектеу шараларына қарсы шыққан. Талап бойынша, АҚШ-пен арадағы шекараны асу үшін жүргізушілер екпе салдырулары тиіс. Немесе ПТР-тесттің теріс нәтижесін көрсетуге міндетті. Осыдан кейін 14 күн карантинде болуы шарт.

Сондай-ақ...