Ұлыбританияда 3D-принтермен жасанды ет өндіріле бастады  

Израильдік компания мамандары 3D-принтермен ет жасай бастады. Мамандардың айтуынша, оның табиғи еттен еш айырмашылығы жоқ.

Жаңа өнімді бағалау шарасы Лондонда өтті. Оған шебер аспаздар, мейрамхана қожайындары мен тағам сыншылары қатысты. Қоспалардың нақты тізімі әзірге құпия. Жасанды еттің келісі - шамамен 34 доллар. Британиядан басқа, өндіріс жақында Нидерландта ашылмақ. Онда жылына 5 мың тонна эко-ет шығару жоспарланған.

Джордан Склер, шеф-аспаз:

– Бұл жасанды етті кескенде нағыз еттен аумайды. Керемет сәйкестік! Бірақ кәуап ретінде қуырғанда айырмашылық сезіледі. Себебі тез қуырылып, дайындалады.

Сондай-ақ...