Неміс инженерлері жарылғыш зат арқылы ескі көпірді қиратты

Германияның батысындағы көлік қатынасына арналған ескі көпір бұзылды. Неміс инженерлері оны 120 келі болатын жарылғыш зат арқылы қиратқан.

Солтүстік Рейн-Вестфалия жеріндегі ұзындығы 485 метр, ал биіктігі 70 метр болатын құрылыс 55 жыл бойы қоланыста болған. Мамандар үйінділерді екі ай бойы тазартып қираған көпірдің орнына жаңа жол салмақ.

Айта кетейік, Солтүстік Рейн-Вестфалия жеріндегі 60-қа жуық эстакада жөндеуді қажет етеді. Оның 15-інде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.