Филиппин билігі вакцина салғызған балаларға сыйлықтар тарту етті

Филиппин үкіметі 5 жастан 11 жасқа дейінгі балаларға коронавирусқа қарсы вакцина сала бастады.

Ел астанасы Манилада екпе алу науқаны жеткіншектердің сүйікті қаһармандарының қатысуымен көңілді өтіп жатыр. Бұдан басқа, препарат салдырған балаларға түрлі сыйлықтар беріледі. Осының алдында Филиппиннің Азық-түлік және дәрі-дәрмек әкімшілігі жас ұрпақ үшін «Пфайзер» вакцинасының төмен дозалы нұсқасын мақұлдаған болатын. Билік 15 миллионнан астам балаға екпе салуды жоспарлап отыр. 14 ақпаннан кейін бұл науқан елдің басқа өңірлерінде жалғаспақ.

Марисса Сей, ата-ана:

– Ұлым шектеулерге байланысты екі жыл бойы сыртқа дұрыс шыға алмай, көбіне үйде болды. Бала болған соң достарымен кездесіп, ойнағысы келеді. Енді барлық дозаны алған соң, алаңсыз өмірге аяқ басамыз деп сенемін.

Бернадетте Круз, ата-ана:

– Баламның вакцина салдырғаны мен үшін өте маңызды. Себебі екпе елімізде ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға көмектеседі және пандемиядан тезірек құтылуға септеседі.

 

 

Сондай-ақ...