Ауғанстан түрмелерінде жағдай өте қиын 

Ауғанстан түрмелерінде жағдай өте қиын 

Ауғанстанның бұрынғы үкімет мүшелерінің көбі Герат қаласындағы түрмелерде отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Талибан» билігі (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) британиялық «Скай Ньюз» телеарнасына осындай бірнеше мекемеге кіруге және жазасын өтеушілермен тілдесуге рұқсат берген. Тіпті сотталғандар не үшін отырғанын білмейді. Олар шетелдік журналистерге сот-тергеу ісі мүлде болмағанын, абақтыда ешқандай жағдай жасалмағанын және адам құқықтары сақталмайтынын айтып, шағымданған. Бір камераға 40 адамға дейін қамалған. Ауғанстанда 1 ай бұрын әділет жүйесі жойылып, оның орнына шариғат заңы орнаған еді. Ең өкініштісі, түрмеде отырғандар арасында балалар да бар. Көбі ұсақ-түйек қылмысы үшін ұзақ мерзімге сотталған. Осының алдында Біріккен Ұлттар Ұйымы «Талибан» жүзден астам бұрынғы шенеунікті өлім жазасына кескенін хабарлаған болатын. 

Жазасын өтеуші:

– Бұл жерде отырғандардың басым бөлігі – бұрынғы үкіметтің адамдары. Түрмеде қандай себеппен отырғанымызды білмейміз. Бұрынғы биліктің кейбір қызметкерлері ұшты-күйлі жоғалып та кетті.

Герат тұрғыны:

– Қазіргі билік халықаралық заңнаманы және адам құқықтарын сақтауы тиіс. Көңіліміз барлық нәрсеге алаңдайды