Индонезияда шектеу шаралары күшейтілді

Индонезия билігі коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында елдің бірқатар өңірінде шектеу шараларын күшейтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атап айтқанда, жаңа ереже Джакарта мен Балиде және Ява аралындағы тағы екі қалаға енгізілді.Оған сәйкес, сауда орталықтары мен мейрамханалардың сыйымдылығы 60 проценттен аспауы керек. Бұдан бөлек, ел аумағына өткісі келетін шетелдік туристер тек Джакарта мен Бали арқылы ғана кіре алады.

Айта кетейік, Индонезияда соңғы күндері қауіпті инфекцияға шалдығу деректері күрт көбейіп кетті. Бір тәулікте вирус 36 мың адамнан анықталды. Ел астанасындағы ауруханалардың 63 проценті бос емес.