Таиланд билігі локдауннан бас тартпақ

Таиландта індет өршіп тұрса да шектеулерді тоқтатпақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елдің денсаулық сақтау министрлігі «халық коронавирусқа қарамастан өмір сүруге бейімделу» керек деген пікірді алға тартады. Жуырда жергілікті билік сиптомсыз және жеңіл науқастарға үйде оқшаулануға рұқсат берген. Осылайша ауруханалардағы адам саны азайып, дәрігерлердің  жұмысы жеңілдеген. Ал індеттен қаза тапқандардың басым бөлігі 60-тан асқан тұрғындар. Мамандар вирус құрбандарының ішінде созылмалы ауруы бар және жүкті әйелдер де кездесетінін айтады.

ИНДОНЕЗИЯ ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТТІ

Елде коронавирустық шектеулер қайта күшейді. Жаңа талапқа сай қоғамдық тамақтану және ірі сауда орындарында адам санына шектеу қойылды. Діни мекемелерге келушілердің қатары да екі есеге қысқармақ. Десе де жергілікті билік шет елден келген туристер үшін шектеулерді күшейтпейді. Айта кетейік, өткен аймен салыстырғанда Индонезияда  ауруханаға түскен науқастардың саны 20 процентке артқан. Өткен тәуліктің өзінде мұнда 40 мыңнан астам адам індет жұқтырған. Қазір тестілеу орталықтарында ұзын сонар кезек. Халық коронаиврустың жаңа штамын жұқтырудан сескенеді.

– Отбасымның қауіпсіздігі  үшін үнемі тест тапсырып отырамын. Жұмысқа барып жүргендіктен қажетті шара. Өйткені әріптестерімнің көбі ауырып шықты.