Абу-Дабидегі қонақүйде екі рет жарылыс болды

Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында екі мәрте жарылыс болды.

Болжам бойынша оқиға қонақүйде болған. Куәгерлердің түсірген мына кадррлардан жарылыстан кейін көп қабатты ғимаратта өрт басталғаны көрінеді. Оқиға орнына шұғыл жедел жәрдем мен өрт сөндірушілер тартылды. Жерглікіті биліктің хабарлауынша, оқыс жағдай  газ баллонның жарылуынан болған. Әзірге мерт болғандар мен зардап шеккендер жайлы ақпарат түскен жоқ.