Ресейдің оңтүстігінде әскери оқу-жаттығу жүріп жатыр

Ресейдің оңтүстігінде әскери оқу-жаттығулар жүріп жатыр. Шара Федерация құрамындағы бірнеше өңірде ұйымдастырылған.

Атап айтқанда, Адыгея Республикасы, Дағыстан, Ингушетия мен өзге де облыстар мен аудандарда. Сондай-ақ халықаралық келісім бойынша Ресей аумағынан тыс жерлерде 3 әскери база орналасты. Ресейдің әуе күштері Армения әскерімен бірлесе отырып, оқу жаттығуын да өткізіп үлгерген. Сонымен қатар көрші елдің десант кемелері Босфор мен Дарданелл бұғазындағы іс-шараға тартылды. Оған 140 әскери кеме, 1 мыңнан астам техника мен 10 мыңға жуық жасақ тартылды.