Toyota өндіріс жоспарын қысқартты

Жапонияның Toyota Motor компаниясы 2022 жылға арналған өндіріс жоспарын қысқартты.

Бұған көлікке арналған чиптердің тапшылығы себеп. Осылайша жоспарланған 9 млн автокөліктің орнына 8 жарым млн темір тұлпар шығарылмақ. Чиптердің жетіспеушілігінен 3-тоқсанда концернның операциялық кірісі 21 процентке қысқарған. Бұл шамамен 6,8 млрд доллар шамасында. Айта кетейік, бұған дейін ірі автоөндіруші компанияның шығынға батуына коронавирус пандемиясы да себеп болған еді.