Африка елдерін қуаңшылық жайлады

Мамандар Сомали, Эфиопия және Кенияда мұндай құрғақшылық 1981 жылдан бері болмағанын айтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жауын-шашынның жоқтығынан шөп шықпай, мал қырылып, халық қатты зардап шегіп жатыр. БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының мәлімдеуінше, күрделі ауа райынан 13 миллион адам ашаршылыққа душар болған. Сарапшылар егер алдағы маусым да жауын-шашынсыз болса, ахуал тіпті нашарлайды деп отыр. Халықаралық ұйым 6 айда 4,5 миллион тұрғынға шұғыл көмек көрсету үшін 327 миллион доллар қаржы бөлу керек дейді.   

Мохамед Адем, тұрғын:

– Бізде соңғы жарты жылда жауын мүлдем жауған жоқ. Тек құмды жел соғып тұр. Мұндай ауа райын бұрын соңды көрмеппін. Бұлай жалғаса берсе, елді мекендеріміз құмның астында қалуы мүмкін.

КАЛИФОРНИЯ ШТАТЫ ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ЗАРДАП ШЕГУІ МҮМКІН

АҚШ-тың Калифорния штаты да биыл қуаңшылықтан зардап шегуі мүмкін. Себебі қаңтар айында аймақтағы таулы өңірде қар әдеттегіден аз жауып, су қоймалары таяздана түскен. Қазір мамандар Тахо көлінің маңындағы қар деңгейін өлшеп әлек. Себебі Калфиорнияның таза су қорының бір бөлігін осы ақ ұлпа құрайды. Аймақтың ауызсу қорының үштен бірі осы штаттың таулы өңіріндегі жиналатын қардан құралады.

Авторы: Дәурен Ақашұлы