Ақ үй шекарадағы кептеліске алаңдаушылық білдірді

Канада мен АҚШ шекарасындағы жүк көліктерінің жүргізушілері бастаған ереуілге қатысты ақ үй алаңдаушылық білдірді.

Наразылық акциядан екі ел үшін маңызды саналатын тас жолда көлік қатынасы тұралады. Байден әкімшілігі бұл жағдай автокөлік өндірісіне орасан шығын әкелуі мүмкін дейді. Қазір Амбассадор көпірінде қозғалыс жандана бастады. Жалпы, АҚШ пен Канада арасындағы сауданың 25 проценті осы көпір арқылы жүзеге асады.

Айта кетейік, аймақтағы наразылық акцияның басталғанына 13 күн болды. Белсенділер үкімет вакцина салуды міндеттеу талабын алып тастамағанша тарамаймыз деп бекініп отыр.