Ауғанстанда эпидахуал ушықты: дәрі-дәрмек тапшы, дәрігер жоқ

Ауғанстанда эпидахуал ушықты: дәрі-дәрмек тапшы, дәрігер жоқ

Ауғанстанда коронавирусты емдеуге арналған 38 аурухананың бесеуі ғана жұмыс істеп тұр. Өйткені дәрі-дәрмек тапшы. Жылу жоқ. Оның үстіне, медицина қызметкерлері де жетіспейді. Соның салдарынан өткен аптада вирус жұқтырғандар саны 67 процентке артқан.

Ел астанасы Кабулдың өзінде ковид-науқастарға арналған бір ғана емхана жұмыс істеп тұр. Бірақ оның өзінде жылу тек түнде беріледі. Өйткені қаржыландыру жағы ақсап тұр. Қызыл крест өкілдерінің пайымдауынша, алдағы айларда елде бар медицина мекемелерінің 90 проценті жабылып қалуы мүмкін.    

Мұхаммад Гул Ливал, аурухана меңгерушісі:

– Біздің ауруханада проблема жетерлік. Оттегі баллондары, дәрі-дәрмек жетіспейді. Қызметкерлерімізге де оңай емес. Олардың жалақы алмай жұмыс істеп жатқандарына 3 ай болды.