Ұлыбритания премьер-министріне қатысты дау басылар емес

Ұлыбритания премьер-министріне қатысты дау қайта ушықты.

Жергілікті «Дэйли Миррор» газеті Борис Джонсонның 2020 жылдың желтоқсанында жаслаған суретін жария етті. Онда саясаткердің Лондондағы үкіметтік резиденцияда сауық кешінде жүргенін аңғаруға болады. Алайда ол кезде корольдікте локдаун жарияланып, жаппай іс-шаралар өткізуге тыйым салынған еді. Бұған дейін де Борис Джонсонның локдаун кезінде шектеу шараларын бұзып, сауық кештеріне қатысқанын айғақтайтын материалдар жария етілген. Осыдан кейін премьер-министр ресми түрде кешірім сұрады. Бірақ қызметінен кетпейтінін бірден айтты.