Беларусь пен Ресей бірлескен әскери жаттығуды бастады

Бүгін Беларусь пен Ресей «Союзная решимость-2022» деп аталатын бірлескен әскери жаттығуды бастады.

Ол ақпанның 20-сына дейін созылады. Екі елдің қарулы күштері сыртқы агрессияның жолын кесу, тойтарыс беру, сондай-ақ терроризмге қарсы тұру мен одақтас мемлекеттің мүдделерін қорғау міндеттерін пысықтайды. Оған Ресей тарапынан нақты қанша сарбаз тартылғаны белгісіз. Ресей Беларуське С-400 зениттік-зымыран кешенінің дивизиондарын, "Панцирь-С" зениттік зымыран-зеңбірек дивизионын, Су-35С көп мақсатты жойғыш ұшақтары мен Су-25СМ штурмовиктерін жіберген.