Испанияда 215 мигрант құтқарылды

Испанияда 215 мигрант құтқарылды

Испанияның жағалау күзеті 215 заңсыз мигрантты өлім аузынан аман алып қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Африка елдерінен шыққан босқындар 4 қайыққа отырып Атлант мұхиты арқылы жолға шыққан екен. Құтқарушылар оларды Канар аралдарындағы Аргенегин портына жеткізді. Мигранттардың арасында әйелдер мен балалар көп. Мигранттар әдетте осы бағыт арқылы Еуропаға жетуді көздейді.

Айта кетейік, өткен жылы Канар аралдарына 22 мыңнан астам адам табан тіреді. Ал Испанияға жете алмай, орта жолда апатқа ұшыраған 4 400 мигрант су астына кетті. Оның 205-і кәмелет жасқа толмаған бала.