Ресейде Ан-2 ұшағы құлады

Камчаткадағы Северные Коряки ауылының маңында Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады, бортта екі адам болған, деп хабарлайды «Хабар 24» ТАСС-қа сілтеме жасап.

«Ұшақ Солтүстік Коряки ауылының ұшу-қону жолағынан бір км қашықтықта ұшу кезінде құлады. Бортта экипаждың екі мүшесі болған және олар қаза тапты», - делінген Камчатка өлкесіндегі Ресей ТЖМ ММ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.