Калифорнияда орман өрті өршіп тұр

Калифорнияда орман өрті өршіп тұр

Калифорнияның оңтүстігіндегі орманды алқап отқа оранды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қызыл жалын шамамен 3 гектар жер телімін тып-типыл етті. Табиғат апатынан 3 тұрғын үй күлге айналды. Тілсіз жауды ауыздықтау үшін 200 өрт сөндіруші жұмылдырылды. Шараға әуе және өзге де арнайы техника тартылды. Мамандардың жұмысына аймақта тұрған қатты жел кедергі келтіруде. Әзірге мерт болғандар мен зардап шеккендер жайлы ақпарат түскен жоқ.