loader

Францияда сутекпен жүзетін алғашқы жүк кемесі шығарылмақ

Францияда сутекпен жүзетін алғашқы жүк кемесі шығарылмақ

Францияда сутекпен жүзетін әлемдегі алғашқы жүк кемесінің концепциясы таныстырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оны Energy Observer компаниясы жасап шыққан. Жоба авторларының айтуынша, су көлігінің ұзындығы 120 метр, ал ені 22 метрге жетеді. Жүк көтерімділігі 240 контейнер. Кемедегі 4 діңгек пен күн батареяларының арқасында энергияны 40 процентке аз жұмсайды екен. Жоспар бойынша ол өзінің алғашқы сапарына 2025 жылы аттанады деп күтілуде.

Айта кетейік, аталған компания бұған дейін көпшілік назарына экологиялық жағынан таза саналатын кеменің шағын нұсқасын таныстырған еді. Сөйтіп 2017 жылы ол Жер шарын айнала жүзіп шыққан болатын.

Сондай-ақ...