Мюнхендіктер коронавирус құрбандарын еске алды

Мюнхендіктер коронавирус құрбандарын еске алды

Мюнхен тұрғындары жергілікті биліктің індетке қарсы іс-шараларына қолдау білдіріп, көшеге шықты. Қолдарына шам ұстаған жұрт коронавирус құрбандарын еске алып, майшамдар жақты.

Бір таңқаларлығы, жуырда ғана ел азаматтары Германияның бірнеше қаласында үкімет қабылдаған шектеу шараларына қарсы наразылық акцияларын ұйымдастырған еді. Жұрт, әсіресе, аурухана қызметкерлері мен қарттар үйінің тұрғындары міндетті түрде вакцина алуы керек деген талапқа қарсылық білдірген болатын.