Түрікменстанда президенттік сайлау 12 наурызда өтеді

Түрікменстанда президенттік сайлау 12 наурызда өтеді

Саяси дода 2024 жылға белгіленген еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда мемлекет басшысы Гурбангұлы Бердімұхамедов қызметінен кететінін жария етті. Елді 15 жыл бойы басқарған президент бұл оңай шешім болмағанын жеткізді. Бірақ жастарға жол беру ниеті барын айтты. Сөйтіп орталық сайлау комиссиясына кезектен тыс президенттік сайлау күнін белгілеуді тапсырған.