Венецияда карнавал басталды

Венецияда карнавал қайтадан басталды. 2020 жылы шара басталғанына 3 күн өткеннен кейін тоқтатылған.

Былтыр мүлде өтпеді. Биылғы карнавалды ұйымдастыру кезінде шектеу шаралары қабылданған. Мәселен, кісі саны бұрынғыдан аз. Бұл жолы 80 мың адамға қатысуға рұқсат берілген. Оның жартысына жуығы шетелдіктер. Шара 1 наурызға дейін жалғасады.

Кристина Верардо, Венеция тұрғыны:

- Өкінішке орай, биыл адам аз. Бұрынғыдай емес. Бірақ ештеңе етпес. Қазіргідей жағдайда да көңіл көтеруге болады. Карнавалға қатыса алатынымыз қандай жақсы.