Грекияда медицина қызметкерлері міндетті екпе егуге қарсы

Грекияда медицина қызметкерлері міндетті екпе егуге қарсы

Грекияның Афины қаласында мыңдаған медицина қызметкері ереуілге шықты. Наразылар  биліктің міндетті екпе егу шарасына қарсылық білдірген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Вакцина қабылдаудан бас тартқандар парламент ғимаратының алдына жиналып биліктен жұмысқа оралуына мүмкіндік беруді талап етті. Бүгінде Грекияда 5 мыңға жуық ақ халатты бар. Қазір оларға ауруханада жұмыс істеуге тыйым салынған. Жергілікті заң бойынша вакцина салдырмағандар өзге де қоғамдық орындарда жұмыс істей алмайды. Наразылық акциясы бейбіт түрде өтті. Тәртіп бұзғандар тіркелген жоқ.

Тұрғын: 

– Бұл әділетсіз шешім. Кей әріптестеріміз вакцина қабылдаса да омикрон штамын жұқтырып жатыр. Екпе егу әр адамның өз еркінде болу керек.  Қазір біз жұмыссыз, нәпақасыз қалдық. Зейнетақы аударымдар мен медициналық сақтандыру да жоқ.