Канада полициясы көпірді шерушілерден босатты

Канада полициясы көпірді шерушілерден  босатты

Канадада полициялар «Амбассадор» көпірін шерушілерден тазартып, бақылауға алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шара жоғарғы соттың шешімі бойынша жүзеге асқан. Бірақ акцияға қатысушылардың талабы орындалған жоқ.

Еске сала кетейік, Канадада жүк көлік жүргішілерінің наразылық акциясы қаңтар айының соңында басталған еді. Олардың шеруге шығуына үкіметтің АҚШ-қа қатынайтын жүргізушілерге вакцинаны міндеттеу туралы үкімі түрткі болды. Толқу көп аймаққа таралып, өткен аптаның басында шерушілер осы көпірді бөгеп тастаған еді. Салдарынан екі ел арасындағы саудаға орасан шығын келді. Себебі қос мемлекет арасында тасымалданатын жүктің 25 проценті осы көпір арқылы жеткізіледі.

Памела Мизуно, Виндзор қаласы полициясының басшысы:

– Біз 30-ға жуық шерушіні қамауға алып, бірнеше көлікті ұстадық. Себебі кез келген заңсыз әрекетке тыйым салынады. Енді полиция көлік қатынасына кедергі келтіріп, қоғамдық тәртіпті бұзғандарға қарсы қатаң шаралар қолданады.