ЕҚЫҰ-ның кей елдері Донецкіден кете бастады

ЕҚЫҰ-ның кей елдері Донецкіден кете бастады

Ал соңғы мәліметке қарағанда, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы миссиясына кіретін кей елдердің қызметкерлері Украинаның шығысынан кете бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ Донецкідегі өкілдерін кері қайтарса, Ұлыбритания қызметкерлерін бүлікшілер бақылауындағы аудандардан үкімет қарауындағы аудандарға ауыстырды. Бірақ халықаралық ұйым осы елдің 10 қаласындағы Украинадағы арнайы бақылаушы миссия өздеріне жүктелген міндетті атқара беретінін мәлімдеді.