Швейцарияда жануарларға сынақ жасауға қарсылар жеңіліп қалды  

Елде жануарларға сынақ жасауға тыйым салу бойынша жалпыұлттық ререфендум өтіп, оны қолдаушылар жеңілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бастаманы дауыс берушілердің тек 21 проценті ғана жақтады. Ал сайлаушылардың 79,1 проценті оған қарсы шықты.

Айта кетейік, бұл бастаманы Санкт-Галлен аймағының бір топ азаматы көтеріп, кейін оған 80 ұйым қосылған еді. Олар Швейцарияда жануарларға сынақ жүргізуге ғана емес, сонымен бірге елге тәжірибе арқылы өсірілген аңдарды да кіргізуге тыйым салуды сұраған. Бірақ үкімет пен парламент азаматтарды бұл бастамаға қарсы дауыс беруге шақырған. Биліктің айтуынша, бұл елде жаңа дәрі-дәрмектерді жасауға кедергі келтіреді.

Клеман Ронер, тұрғын:

– Мен тыйым салуға қарсы дауыс бердім. Өйткені өзім зертханада жұмыс істегем. Мәселені жақсы білемін. Біз бәріміз мұндай тәжірибенің тоқтағанын қалаймыз. Бірақ қазір бұл мүмкін емес. Сондықтан біз жануарларға сынақ жасауды жалғастыра беруіміз қажет.