АҚШ өз азаматтарының Беларусьтен кетуін сұрады

АҚШ билігі Украинамен шекарадағы жағдайға байланысты өз азаматтарын Беларусьтен кетуге шақырды.

Және бұл мемлекетке сапар шекпеуге кеңес берді. Бұл туралы Мемлекеттік департамент өз мәлімдемесінде жариялады. Құжатта аймақта ахуал шиеленісіп тұрғандықтан болжау қиын екені айтылған. Және шекарадағы жағдайдан Беларусь билігі тарапынан заңсыз әркеттерге жол берілуі мүмкін екені ескертілген. Айта кетейік, АҚШ бұған дейін өз азаматтарын Украинадан кетуге шақырып, Киевтегі елшілігін уақытша Львов қаласына көшірген болатын.

Сондай-ақ...