Гондустарда балаларға арналған вакцина тапшы

Елде вакциналау науқаны 5 пен 11 жас аралығындағы жеткіншектерді қамтиды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ әзірге препарат тапшы. Сондықтан иммундау қазір тек орталық округте ғана жүргізіліп жатыр. Билік басқа аймақтарды да қамтуға күш салып жатыр. Осылайша үкімет мектептегі сабақты тез арада бастаймыз деп сенеді. Дегенмен көптеген оқу орнында су жоқ. Бұл да үлкен кедергі.

ЭКВАДОРДА СӘБИЛЕРГЕ ВАКЦИНА САЛЫНАДЫ

Эквадорда 3 пен 4 жастағы сәбилерге вакцина салуға дайындық жасалып жатыр. Иммундау 4 ірі қалада басталып, сосын бүкіл ел бойынша жалғасын таппақ. Препаратты салдыру үшін ата-ананың жазбаша келісімі болғаны шарт. Осының алдында Гондураста ревакциналау басталған еді.