Virgin Galactic ғарышқа билеттер сата бастады

Туристердің ғарыштағы саяхаты 90 минутқа созылады.

Миллиардер Ричард Брэнсонның Virgin Galactic ғарыштық компаниясы 16 ақпаннан бастап ғарышқа билеттерді сата бастады. Бұл туралы компанияның сайтында хабарланды, деп жазады «Хабар 24».  

Туристерді орбитаға жіберу осы жылдың соңына жоспарланған. Алғашқы кезеңде ғарышқа мың адам аттандырылмақ.

Зымырандар Нью-Мексикодағы Америка ғарыш айлағынан ұшырылмақ. Ал оның алдында туристер арнайы даярлықтан өтеді. Ұшу бағдарламасына сәйкес, саяхат 90 минутқа жалғасады.

Билет құны 450 мың долларды құрайды, оның ішінде 150 мың депозит те бар. Осылайша компания билеттерден 450 млн доллар пайда табуы мүмін.