ЕҚЫҰ Украина бойынша кеңес өткізді

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы таяуда Вена қаласында Украинадағы жағдайға қатысты жабық есік форматында кеңес өткізді.

Шара Украинаның бастамасымен ұйымдастырылды. Онда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Мәскеуден шекараға тартылған әскерилер жайында қосымша ақпарат беруді талап етті. Өз кезегінде ресми Мәскеу  Украинаға басып кірмейтінін айтып, жағдайды Батыс елдері ушықтырып отырғанын алға тартады.

Айта кетейік, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына кіретін американдық бақылаушылар өткен жексенбі күні Донецк қаласынан кеткен болатын. Бұған қарамастан ұйым аймақтағы миссиясы жалғасып жатқанын хабарлады.