Қытайда дәстүрлі шамдар мерекесі тойланып жатыр

Қытайда дәстүрлі шамдар мерекесін атап өтіп жатыр. Бұл шара Жаңа жыл мейрамының аяқталуын білдіреді. Бұл елдегі тілшіміз Бейжіңдегі коммуналдық қызмет орталықтарының біріне барып, қаланың қарапайым тұрғындары меркені қалай тойлап жатқанын көріп келді.

Шамдар мерекесі – біздің дәуірімізге дейін қалыптасқан дәстүр. Әдетте бұл күні туыстар бас қосып, бірге тойлайды. Ал қазір шаһар тұрғындарын коммуналдық қызметтер біріктіреді. Қала аудандары тұратын әкімшілік бірліктер - көше комитеттері деп аталады. Әрқайсысында тұрғындар үшін арнайы орталық ашылған. Мұнда істейтін волонтёрлер түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырады. Мысалы, юаньсо деп аталатын үзбе кеспе дайындайды. Бұл осы мерекенің дәстүрлі тағамы.

Сондай-ақ дәстүрлі шамдар, гүлшоқтар мен желпуіштерді жасау бойынша шеберлік дәрістері өткізіледі. Оған негізінен жасы үлкен және мүмкіндігі шектеулі адамдар қатысады. Ал оларды зейнетке шыққан мамандар оқытады.

Жұрт Бейжіңде өтіп жатқан Олимпиаданы да ұмытқан жоқ. Балалар осы ойынның рәмізі Бин Дуньдунь пандасын жасайды. Оған қоса егде жастағы адамдарды жаңа технологияларға үйретеді.

Ли Сюэмэй, Бейжің қаласының тұрғыны:

– Маған өте ұнады. Жасымыз жеткен біздер телефондағы кей нәрселерді біле бермейміз. Волонтёрлер бізге көмектесіп жатыр.

Мейрамның басты нышандары – қызыл шамдар мен бәліштер.  Ал арнайы орталықтарда өткізілетін іс-шаралар халықтың осал топтарына мейрамды толыққанды тойлауға мүмкіндік береді.

Ботагөз Сырғабаев

Сондай-ақ...