Гондураста бұрынғы президент Эрнандес тұтқындалды

Гондураста бұрынғы президент Эрнандес тұтқындалды

Гондураста полиция осы елдің бұрынғы президенті Хуан Орландо Эрнандесті қамауға алды. Экс-президентке есірткіні заңсыз сатумен айналысып, АҚШ-қа кокаин тасымалдады деген айып тағылып отыр.

Мәлімтекке қарағанда Эрнандес лаузымын пайдаланып қылмыстық топтардың Колумбия мен Венесуладан Құрама Штаттарға қарай 500 тонна есірткі тамысалдауына көмектескен. Осыған байланысты АҚШ билігі оны экстрадициялауды сұраған. Бірақ Эрнандестің өзі айыптарды мойындаудан бас тартып, сотқа көмектесуге дайын екенін мәлімдеп отыр.

Айта кетейік, Хуан Орландо Эрнандес өзінің президенттік қызметін қаңтар айында аяқтаған.