НАТО Ресейді ұстамды болуға шақырды

Бельгия астанасы Брюссельде НАТО-ға мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлері бас қосты, деп хабарлайды «Хабар 24»

Жиын барысында ведомство басшылары Ресейді Украинаға қатысты дипломатиялық жолды ұстануға шақырды. Шараға қатысушылардың мәлімдемесіне сәйкес Солтүстік атлантикалық альянс еуроатлантикалық қауіпсіздік мәселелері бойынша дипломатияға және Ресеймен диалог жүргізуге мүдделі. Бұған дейін Ресейдің қорғаныс министрлігі Украинамен арадағы шекара маңындағы Батыс және Оңтүстік әскери округтерінің бөлімшелері өз базаларына орала бастағанын хабарлаған болатын. Бірақ соған қарамастан, Нато-ға мүше елдер Орталық, Шығыс және оңтүстік-шығыс еуропада жаңа әскери жасақ құру жағын талқыға салды. 

Йенс Столтенберг, НАТО бас хатшысы:

– Біз сарбаздардың немесе әскери техникалардың кеткенін көрген жоқпыз. НАТО-ға мүше елдердің қорғаныс министрлері альянсты қорғауға қатысты жобаларды әзірлеуді шешті. Соның ішінде Орталық, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Еуропада әскери жасақ құру туралы мәселе қаралмақ. Сонымен қатар одаққа мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлері Францияның Румынияда дәл осындай жасақты басқару туралы ұсынысын құптады. Бұл шаралардың бәрі қорғаныс мақсатында жасалып отыр. НАТО-дан Ресейге келер қауіп жоқ.

Сондай-ақ...