НАТО шығыс бекінісін күшейтпекші

НАТО өзінің шығыс бекінісін күшейту үшін жаңа жасақ құруға ниетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы альянстың Брюссельдегі штаб-пәтері мәлімдеді. Ақпарға қарағанда НАТО Украинамен шекаралас Румынияда жаңа әскери бөлім жасақтап, Шығыс Еуропа елдеріндегі 4 тактикалық топты толықтыруды жоспарлап отыр.

Айта ктейік, жақында Польшаға америкалық сарбаздардың тағы бір тобы барды. Жауынгерлер Украинаның Львов облысымен шекаралас Люблин өңіріне орналасты. Пентагон Польшаға жалпы 5 мың сарбаз аттандыратынын айтып отыр.

Ал Ресей Украинамен шекараға жақын аудандардан әскерін алып кетіп жатқаны жайлы тағы жаңа бейнежазбалар жариялады. Онда Батыс әскери округінің армиясы танкілер мен өзге де техникаларды пойыздарға тиеп жатқанын көруге болады. Осы елдің Қорғаныс министрлігінің хабаралауынша, жасақтар әскери-оқу жаттығудан кейін 1 мың шақырым жердегі базаларына қайта орала бастаған. Бірақ ресми өкілдер бүкіл ел аумағындағы ауқымды әскери оқу-жаттығу әлі аяқталмағанын айтып отыр.