Германия билігі карантиндік шектеулерді жеңілдетуге ниетті

Германия билігі карантиндік шектеулерді жеңілдетуге ниетті

Германия тұрғындары пандемияға дейінгі қалыпты өмірге қайта оралып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Билік алдағы айларда барлық шекетулерді алып тастауға ниетті. Канцлер Олаф Шольц аймақ басшыларымен кездесуде осындай шешім қабылдаған. Карантиндік шаралар біртіндеп алынбақ. Вакцина салдырмаған азаматтарға қайтадан барлық сауда орталықтарына кіруіне рұқсат берілді. Бұған дейін ірі дүкендерге тек егілгендер ғана кіре алатын. Наурыздың басында вакцина салдырмаған тұрғындарға мейрамхана  мен қонақ үйлерге орналасуына рұқсат беру жоспарланған. Ал эпидахуал жақсарса 20 наурыздан кейін барлық шектеулер алынып тасталмақ. Бірақ қоғамдық орындар мен көліктерде бетперде киіп жүру тәртібі сақтала береді. 

Олаф Шольц, Германия канцлері:

– Екі жылдан астам уақыттан кейін пандемияға дейінгі өмірді қалпына келтіруге қол жеткізіп отырмыз. Көктемнің басына дейін кезең-кезеңмен шектеулердің басым бөлігін алып тастамақ ойдамыз. Бірақ пандемия әлі аяқталған жоқ. Вирусты жұқтырып жатқандар әлі де көп болғанымен алдағы уақытта індеттің таралуы бәсеңдейді деп сенеміз.