Венгрия мен Польша дотациялық төлемдерден айырылуы мүмкін

Еуроодақ соты Венгрия мен Польшаның одақтан ақша бөліну жүйесіне қарсы арызын кері қайтарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді бұл екі мемлекет заңның ұлықтылығы қағидаларын бұзатын болса, одаққа мүше басқа елдер оларға дотациялық төлемдерді тоқтатады. Жалпы Венгрия билігі мигранттарға қарсы саясаты мен жемқорлығы үшін айыпталып келеді. Ал Польшада «сот жүйесі мен БАҚ тәуелсіздігі сақталмайды» деген әңгімелер айтылып жүр. Салдарынан енді Варшава 75 миллиард еуродан, ал Будапешт  23 миллиард еуродан айырылуы мүмкін.